Үкімет басшысы: Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

14 Қыркүйек 2021, 10:39
2876
Бөлісу:
Үкімет басшысы: Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Сондай-ақ ауруханалардың жүктемесінің азайғанын алға тартты.

Үкімет басшысының айтуынша, инфекциялық ауруханалар мен жансақтау бөлімдеріндегі жүктеме 35%-ға дейін төмендеген көрінеді.

Инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеген 57 стационар коронавирус инфекциясына шалдыққан пациенттерді қабылдайтын стандартты режимнен шықты. Қазіргі уақытта 7,1 млн-ға жуық адам вакцинаның І компонентін, 6 млн-ға жуық адам екпенің ІІ компонентін алды, - деп атап өтті Асқар Мамин.

Сондай-ақ өңірлердің «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысуы ұлғайған. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары қазіргі таңда «сары» аймақта. Түркістан облысы – «жасыл» аймақта қалып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде вакцинациялау қарқынды жүргізіліп атқанын, ел тұрғындарының 75%-дан астамы екпе алғанын  жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы