Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Сондай-ақ ол «Омикрон» штамының таралуына байанысты эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда болуы қажеттігін алға тартты.
Қазіргі уақытта шамамен 8,8 млн адам бірінші компонентті салдырды. Бұл 18 жастан асқан адамдардың 76,6%-ы және 8 миллионнан астам адам екінші компонентті салдырды, бұл – 70,8%-ды құрайды. Бірақ бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін әлі жеткіліксіз, - деп атап өтті Асқар Мамин.
Оның айтуынша, халықты вакциналаумен және ревакциналаумен тиісінше қамтамасыз ету қажет.
Ғимараттар мен көлікте маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жалғассын. Денсаулық сақтау министрлігіне Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын. Ералы Лұқпанұлы, жалпы бақылау сізге жүктеледі, - деді Үкімет басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін ол мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту қажеттігі туралы айтқан болатын.