Мамин: Мемлекеттік шекарадағы бақылау күшейтілсін

30 Қараша 2021, 10:07
999
Бөлісу:
Мамин: Мемлекеттік шекарадағы бақылау күшейтілсін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйде сақталып тұр.

Стационарлық және амбулаторлық емдеудегі науқастар саны айтарлықтай азайды. Инфекциялық ауруханалардағы орындар 29%-ға, ал реанимациялық орындар 23%-ға толық. «Қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалып отыр, 5 өңір – «сары» аймақта, 11 - «жасыл» аймақта, - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол әлемде жаңа штамның таралуына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Басқа елдерде коронавирустың «Омикрон» деген жаңа штамның пайда болғанын ескере отырып, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдаймын. Ел ішінде де эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда болуы қажет. Ғимараттар мен көлікте маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жалғассын. Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен тиісінше қамтамасыз ету қажет, - деп тапсырды Асқар Мамин.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Омикрон» штамының таралуына байланысты Қазақстан бірқатар елмен шекараны жабатыны туралы айтқан болатынбыз.




Өзгелердің жаңалығы