UFC Хабибке қатысты соңғы үкім шығарды

6 Сәуір 2020, 11:48
2544
Бөлісу:
UFC Хабибке қатысты соңғы үкім шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC басшысы Дана Уайт UFC 249 турнирі 18 сәуірде ресейлік Хабиб Нурмагомедовсыз өтеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Хабибсіз өтетін жекпе-жектер тізімін ертең жариялаймын, - деп жазды Уайт. 

Турнирдің өтетін орны әлі жарияланған жоқ. Бастапқыда төбелес кешін Нью-Йорк қабылдайды деп жарияланған еді, бірақ коронавирусқа байланысты кейінге қалдырылды. Кештің басты оқиғасы - Нурмагомедовтың американдық Тони Фергюсонмен жекпе-жегі болуы тиіс еді. Нурмагомедов қазір Ресейде, ресейлік файтер осыған дейін ол турнирге қатыспайтынын алдын ала айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы