Учаскелік полиция көмекшісі деген жаңа лауазым пайда болады

11 Маусым 2021, 11:44
2226
Бөлісу:
Учаскелік полиция көмекшісі деген жаңа лауазым пайда болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникацилар қызметінде өткен халық алдындағы есеп беру кездесуі кезінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Министрдің айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде учаскелік полицияның маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы учаскелік полицияның мәртебесін арттыру жөнінде тапсырма берді. 

Учаскелік полиция қызметкерлерінің құзыреттілігін кеңейту үшін заңға өзгерістер енгізілуде. Қазір ауылдарда учаскелік полиция қызметкерлері жетіспейді. Кей жерлерде үш-төрт ауылға бір қызметкерден келеді. Осыған байланысты ішкі резерв есебінен учаскелік инспектор көмекшісі лауазымын енгізу көзделіп отыр. Жергілікті атқарушы органдармен бірге учаскелік полиция пункттерін салу жоспарланған. Ауылдық жерде учаскелік полиция пунктінің жанына қызметкерге арналған баспана да салынатын болады. Жалпы учаскелік полиция қызметкерінің құзыреттілігін кеңейтуге ғана емес, материалдық жағдайын жасауға да назар аударылады, - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, министр Ерлан Тұрғымбаев аудио, бейнежазба түрінде шағым қабылдайтын «Police 102» қосымшасы іске қосылғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы