ҰБТ-ға қатысты шыққан даудан кейін Қабатов ресми мәлімдеме жасады

16 Тамыз 2021, 20:54
2747
Бөлісу:
ҰБТ-ға қатысты шыққан даудан кейін Қабатов ресми мәлімдеме жасады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов соңғы кезде елдің аузында жүрген келеңсіз оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлап, дәлел ретінде видео да салған. Онда ол қызының репетиторымен сөйлескен әңгімесін жариялаған. Айтуынша, репетитор жігіт қыздың ата-анасына ескертпестен ҰБТ-дағы алаяқтықты жоспарлағанын мойындаған. Бұны естіген Қабатов оның отбасын келеңсіз жағдайға қалдырғанын, шетелде оқитын қызы үшін ҰБТ нәтижесі аса маңызды болмағанын айтады.

Армысыздар құрметті Отандастар! Кешелі бері қызу талқыланып жатқан келеңсіз оқиғаның шын мәнісінде қалай болғаны туралы түсіндіре кеткенді жөн санадым. Ата-ана ретінде бұл оқиға бізге де өте ауыр тиіп отыр. Қолдау білдіріп жатқан жандарға зор рахмет. Оқиға бойынша айтарым осы видеода, - деп жазды Қабатов.


Еске салсақ, заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желісінде жазба қалдырып, Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ тестін С. есімді грантта оқитын студент тапсырғанын мәлімдеді.

Кейіннен қалалық ПД өкілдері де оқиғаға қатысты түсініктеме беріп өтті.

Биылғы 13 маусымда 102 арнасына Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде ҰТО қызметкерлері жалған жеке куәліктері бар түлектерді анықтағаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу барысында жалған куәлік жасау бойынша 22 жастағы күдікті анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Бүгін заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты айыптап, сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін 10 жылға қамау керек екенін айтты. 

Ал елордалық ЖОО-лардың бірі Қабатовтың қызының орнына кірген адам ЕҰУ студенті емес екенін мәлімдеді.
Өзгелердің жаңалығы