Бас жаңалықтар
ТЖМ-де төрт комитет құрылды
25 Қазан 2020, 20:53 163

ТЖМ-де төрт комитет құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы Үкіметтің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, Төтенше жағдайлар министрлігінде Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...