Бас жаңалықтар
ҚТЖ стоп-кранды жұлғаны үшін төленетін айыппұл туралы айтты
17 Маусым 2019, 12:24 457

ҚТЖ стоп-кранды жұлғаны үшін төленетін айыппұл туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 


«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексіне сілтеме жасай отырып, жүк вагондарында заңсыз жол жүргені үшін, пойыздың қозғалыс кезінде оған отыру және одан түсу, басқыш пен вагон үстінде жүру, заңсыз пойыз жүрісін тоқтатқаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салынатыны туралы ескертеді.Сондай-ақ, вагон терезесі мен есіктерінен қоқыс тастағаны және қозғалыс кезінде вагон есіктерін ашқаны үшін 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», - делінген таратылған ақпаратта.  

Ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында компанияға қарасты пойыз бағыттарында 46 рет стоп (тоқтату)- кранының жұлынғаны анықталды. Оның 13-ші жолаушылардың ұқыпсыздық салдарынан, 5 рет – пойызға кешіккендіктен, ал 4 рет жолаушылардың жолда денсаулықтарының   нашарлауына қатысты жұлынған. Сол сияқты 4 рет шойын жол үстіндегі бөгде адамдардың өміріне қауіп төнген кезде және де стансаға тоқтаған уақытта жолаушылардың түсіп үлгермеген сәтте, сонымен бірге 3 рет мас жолаушылар мен шығарып салушылардың кесірінен пойыз жүрісі тоқтатылған.

Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларына жолда өте мұқият болып тасымалдау ережелерін қатаң сақтауларын сұрайды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық