Сирия ұшақтары Түркияның кіріп келе жатқан әскеріне соққы жасады

19 Тамыз 2019, 18:17
2072
Бөлісу:
Сирия ұшақтары Түркияның кіріп келе жатқан әскеріне соққы жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирияның әскери-әуе күштері Идлиб (Сирия) провинциясындағы түрік бронотехника колоннасына соққы жасады. Бұл туралы Лента.ру агенттігі Al-Masdar News порталына сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, снарядтар түрік әскери көліктеріне жақын жерде жарылған. Бірақ Түркия тарапының шығындары туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнынан жарияланған видеороликте техниканың әрі қарай жылжып жатқанын көруге болады.

ТАСС агенттігі түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлағандай, колонна түркиялық бақылау пунктінен Хан Шейхун қаласына жақын жерде орналасқан пункті күшейту үшін жөнелтілді.

Айта кетсек, Түркияның қаруға толтырылған бронкөліктері Сирия территориясына кіргені туралы хабарланған болатын. Сирияның Сыртқы істер министрлігі бұл қадамды елдің ұлттық егемендігіне нұсқан келтіру деп атады.

Өзгелердің жаңалығы