Түркия Сирияның солтүстігінде 100 мың үй салуға ниетті
1 Мамыр, 08:50 657

Түркия Сирияның солтүстігінде 100 мың үй салуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Сирияның солтүстігінде 100 мың құрастырмалы үй салуға ниетті, деп жазды 24.kz.

Бұл туралы Реджеп Тайип Ердоған мәлімдеді. Түрік президентінің бір шарты бар. Ол үйлерге Анадолыда босқын мәртебесін алғандар орналасуы керек. Сириядағы соғыстың басталғанына биыл 11 жыл болды. Қарулы қақтығыстан 6 миллионға жуық адам өзге елдерге бас сауғалап кетті. Оның 65%-тен астамы Түркияны паналаған. Қазір елде 3 миллион 762 мың сириялық босқын бар. Ал жергілікті жұрттың басым бөлігі босқындарды шығаруды талап етіп отыр. Дегенмен, түрік билігі сириялықтар елде тұрақтылық орнағаннан кейін кететінін мәлімдеген.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Түркияда тұрып жатқан сириялық босқындардың елдеріне айт мейрамына баруына рұқсат жоқ.

Біздің мақсатымыз бірінші кезеңде 100 мың құрастырмалы үй салу. Түркиядан және Сириядан келген босқындарды сол үйлерге орналастыруды көздейміз. Алдағы уақытта олардың өз үйлеріне қоныстануына қолдау көрсету. Қазіргі таңда 60 мыңға жуық үйді салып бітірдік. Әрбір үй үш бөлмелі. Сирияда халықпен тығыз байланыс орнату үшін жұмыс жүргізіп отырмыз, – деп мәлімдеді Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...