Бас жаңалықтар
Түркістанда жоғалып кеткен бойжеткен Сарыағаштан табылды
14 Қазан 2020, 15:15 274

Түркістанда жоғалып кеткен бойжеткен Сарыағаштан табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мақтаарал ауданының полиция бөліміне ер адам келіп, 18 жастағы қызының сағат күндізгі 11:40 шамасында көршісінің үйіне шығып кетіп, содан қайта оралмағандығын айтып, арызданған. 

Қыздың жақындары көршілерінен сұрастырып, туыстарына хабарласып, өз күштерімен іздеген. Алайда нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлеріне хабар берген. 

Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полиция қызметкерлері із-түзсіз кеткен қызды табу үшін облыс көлемінде барлық қала, аудандардың полиция басқармаларына бағыттама береді. Сонымен қатар мақтааралдық жедел уәкілдер істі тез арада ашу үшін облысқа қарасты аудандарға шығып, қызды іздестіре бастайды, - делінген ақпаратта.   

Ақыры полицейлердің табанды іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, 18 жасар қыз 116 шақырым жердегі Сарыағаш қаласындағы асханалардың бірінен табылды. Белгілі болғандай кәмелет жасындағы қыз үйінен өз еркімен шығып кетіп, ақша табамын деген ниетімен ешкімге айтпастан жұмысқа кіріп алған.   

Жас қызбен психолог мамандары сөйлесіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте қыздың ата-анасы полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын жеткізді. 

Мақтаарал ауданының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, қадағалау керектігін айтады. 


Фото: дереккөз
Загрузка...