Түркістан облысында электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

14 Наурыз 2021, 12:01
1434
Бөлісу:
Түркістан облысында электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты Түркістан облысының бес ауданындағы (Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалалары) кей елді мекендерде электр тасымалдау желілері үзілген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауа-райының күрт нашарлауы салдарынан (екпінді жел 25-28 м / с дейін күшейіп, жаңбырдың арты қарға айналды) Түркістан облысының бес ауданындағы (Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалалары) кей елді мекендерде электр тасымалдау желілері үзілген. 

Түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 

Бұл аумақтарда 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған. Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникалары дайын. 

Өзгелердің жаңалығы