Түркістан облысы полицейлері ақшаны аудартып алған алаяқты анықтады

26 Қараша 2020, 16:35
1468
Бөлісу:
Түркістан облысы полицейлері ақшаны аудартып алған алаяқты анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Техника дамыған қазіргі таңда ғаламтор арқылы теріс пиғылмен алаяқтық жасаушылар қатары көбейді. Олар, әлеуметтік желімен жұмыс жасауды жетік меңгерген, интернет арқылы өзгенің сеніміне кіріп, ақшаларын жымқыруда. Осындай іспен айналысқан жас қызды Жетісай АПБ-ның криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының арқасында анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын жеткізеді. Оның айтуынша белгісіз тұлға ғаламтор арқылы 150 000 теңгеден астам ақшасын шешіп алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. 

Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Барлық қажетті шараларды іске асырып, нәтижесінде сол тәулікте күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны, жас қыз болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші жас қыз әлеуметтік желідегі жарнама сайттарына өзінің «қолдан тоқылған кілемін» сатамын деп қойған. Содан оған ұялы телефон арқылы белгісіз әйел хабарласып, әбден сеніміне кіріп 50 000 теңгеге сатып алатын болып келіскен. Осылайша алаяқ, жетісайлық тұрғынды алдап, кілемнің ақшасын жарнама сайтына жібергенін айтып, мына сілтеме бойынша аласыз деп, арнайы алаяқтық жасау үшін жасалған сілтемені жіберген. Жәбірленуші сол сілтемеде көрсетілген кестеге сәйкес өзі туралы толық ақпаратты салған. Сол мезетте оның есепшотындағы 150 мың теңгеден астам қаражаты жоқ болған.  Күдіктінің бас шарасы «міндеттемеде». Бүгінде полицейлер күдіктіні Ақтөбе қаласынан жеткізіп, қылмыстық жауапкершілігін қарастыру бағытындағы жұмыстарды  жүргізуде, - деді ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Тұрғындар көбіне осылай ұялы телефон арқылы интернет-алаяқтарға алданып жатады. Сондықтан Түркістан облысы полицейлері алаяқтардың айла-тәсілдеріне ермеңіздер, қырағылық танытыңыздар деп ескертеді. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» сенім телефонына хабарласыңыздар!



Өзгелердің жаңалығы