Бас жаңалықтар
Түркістан: Ескі Иқан ауылында соңғы үлгідегі емхана ашылды
31 Қазан 2020, 05:39 164

Түркістан: Ескі Иқан ауылында соңғы үлгідегі емхана ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласы Ескі Иқан ауылында жаңадан шағын емхана ашылды, деп хабарлайды облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған медициналық мекеме жеке кәсіпкердің демеушілігімен жұмысын бастады.

Емханада біліктілігі жоғары дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың қатарында эндокринолог-дәрігер, невропатолог, жалпы тәжірбиелі дәрігер, УДЗ дәрігері, стоматолог, акушер-гинеколог, фельдшердлер және мейірбикелер бар. Білікті дәрігерлер Түркістан қаласынан тартылған. Жалпы жұмысқа қабылданған мамандардың 70 пайызы жергілікті азаматтар, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, емханада соңғы үлгідегі УДЗ және рентген аппараттары орнатылған. Жалпы емханаға 50 млн теңге қаржы жұмсалған.

Бұған дейін бас ауырып, балтыр сыздағанда сырқатқа ем іздеп Түркістан, Кентау қалаларына сабылып келген тұрғындар, өз ауылында ем қабылдауға мүмкіндік туғанына риза.

Айта кетейік, алдағы уақытта жаны жомарт азамат бір мезетте 300 адамға дейін қабылдауға қауқарлы клиника салуды жоспарлап отыр.



Фото: дереккөз
Загрузка...