Түрікменстанда министрлік қызметкерлеріне көше тазалау жұмысы ұсынылды

27 Ақпан 2019, 10:41
2651
Бөлісу:
Түрікменстанда министрлік қызметкерлеріне көше тазалау жұмысы ұсынылды

Алматы, BAQ.KZ. Түрікменстандағы құрылыс және сәулет министрлігіндегі өндірістік бірлестіктің кеңсе қызметкерлеріне Ашхабат көшелерін тазалау жұмысы ұсынылды, деп жазды «Хроника Туркменистана» басылымы.

Аталған елде мемлекеттік органдарды қайта құру жүріп жатыр және мемқызметкерлер саны азайтылуда.

Оларға жұмыстан шығу немесе босаған көше тазалаушысының орнына тұру таңдауы берілген. Екі мекеменің көптеген бухгалтері, қаржыгер, инженерлі-техникалық жұмысшылары осы ұсынысты қабылдап енді Түрікменстан астанасының көшесін тазаламақ. 

Мұның алдында көптеген мекеменің басшылары Ашхабатқа өзге аймақтардан келіп жұмыс істейтін уақытша тіркеуде тұрғандарды жұмыстан бостақан болатын. Соның есесінен қазір қалада көше тазалаушылар жетіспейтін көрінеді. Жұмыстан босатылғандардың басым көпшілігі әйелдер екен. Жатақханада тұрғандардың барлығы шығарылып, уақытша тіркеуі жойылған.

Мемлекеттік ұйымдардағы жаппай жұмыстан қысқарту бюджет шығындарын төмендету мақсатында жасалып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы