Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан Республикасының президентімен кездесу өткізді.

31 Мамыр 2019, 17:49
2753
Бөлісу:
Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан Республикасының президентімен кездесу өткізді.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті және ТМД ҮБК отырысына қатысты, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Сауда-экономикалық қатынастардың барлық бағыттары бойынша қазақстандық-түрікменстандық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
ҚР премьер-министрі Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы екіжақты қатынастар тұрақты түрде дамып жатқанын атап өтті. 

«Біз сауда-экономикалық байланыстардың тереңдей түсуіне аса мән береміз. Көлік инфрақұрылымы мен ортақ шекараның болуын ескергенде, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың үлкен әлеуеті бар», — деді Мамин.  

Келіссөздер барысында энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы салаларындағы, әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі аталып өтті. 

«Өзара сауда көлемін едәуір арттыруға қол жеткізу туралы ортақ міндет қойылды. Қазақстан бұл міндетті іске асыру үшін барлық күш-жігерін салуға әзір», — деді Асқар Мамин.

Ашхабадта ҚР премьер-министрі ТМД Үкіметтерінің басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарына қатысты. 

Достастықтағы биылғы жыл Түрікменстан Республикасының төрағалығымен өтіп жатыр.

ТМД ҮБК отырысына Ресей Федерациясының премьер-министрі Д. Медведев, Беларусь премьер-министрі С. Румас, Әзербайжан премьер-министрі Н. Мамедов, Тәжікстан премьер-министрі К. Расулзода, Өзбекстан премьер-министрі А. Арипов, Армения вице-премьері М. Григорян, Қырғызстан вице-премьері Ж. Разаков қатысты.
Шағын құрамда делегациялар басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді шешті.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ТМД елдерінің нарықтары Қазақстан үшін дәстүрлі түрде басымдыққа ие екенін атап айтты. Қазақстаннның Достастық елдерімен тауар айналымы оң динамикаға ие және 2018 жылдың қорытындысы бойынша 8,4%-ға артып, $24,3 млрд-ты құрады.
Достастық кеңістігінде сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі интеграциялау мен нығайту мақсатында нормативтік базаны жетілдіру жұмыстарының маңыздылығы аталып өтті. Таяу келешекте қызметтермен еркін саудаласу туралы келісімге қол қою ТМД елдеріне қызметтер айналымын арттыруға жол ашады. 
ҚР Үкіметінің басшысы интеграцияны дамыту арқылы сапалы өсімді күшейту шараларының қатарында өндірістік қуаттылықтар кооперациясын, көлік-логистика әлеуетін арттыруды, өзекті цифрлық күн тәртібін қалыптастыру, адами капиталды дамыту, инвестициялық ахуалды жақсартуда күш-жігерді біріктіруді атап өтті. 
Атқарушы комитетке аталған ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, оларды әзірленіп жатқан ТМД одан әрі дамыту Тұжырымдамасының және 2030 жылға дейінгі кезеңге ТМД экономикалық дамыту стратегиясының аясында қарастыру ұсынылды.
Кеңейтілген құрамдағы отырыстың басты тақырыптары инновациялық ынтымақтастықты дамыту, зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау, көлік-логистикалық және туристік салаларда өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, цифрлық экономиканы дамыту, ғарыш саласында жобаларды іске асыру болды.

Асқар Мамин Ашхабадта Түрікменстан Республикасының президентімен кездесу өткізді.
ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға:
● ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің іргелі зерттеулер саласында мемлекетаралық қатынастарды үйлестіру туралы Келісімге;
● ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің музей ісі саласындағы ынтымақтастығы туралы Келісімге;
● 2009 жылғы 20 қарашадағы ТМД-да тауарлардың шыққан елін анықтау Ережелері туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға;
● 1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы тасымалданатын тауарларды кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға;
● 1999 жылғы 4 маусымдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағы арқылы транзит тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға; 
● 2001 жылғы 28 қыркүйектегі интеллектуалды меншік нысандары болып табылатын тауарлардың кедендік шекарадан өткізілуіне кедендік бақылау

Ережелер туралы ТМД үкіметтер басшылары Кеңесінің шешіміне қол қойылды. 

Достастықта төрағалық ету ресейлік тарапқа ауысты. ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы биыл күзде Мәскеуде өтеді.

Өзгелердің жаңалығы