Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында карантиннің бес аптасында коронавируспен ауыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін жеткізді. Министрдің айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші де төмендеді.
11 тамыз күнгі есеп бойынша Түркістан облысынан басқа өңірлердегі репродуктивтілік көрсеткішінің көрінісі біреуден төмен, бұл енгізілген карантиннің және жағдайды тұрақтандыру бойынша жаппай қабылданған шаралардың тиімділігін тағы да растайды. Негізгі көрсеткіштер мен денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің оң серпіні карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету мүмкіндігін айғақтайды. Бірақ, жеңілдету шаралары қоғамдық орындарда маска тағу режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сондай-ақ барлық ақпараттық арналар бойынша халық арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс, - деді Цой.Министрдің айтуынша, карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша қорытынды ұсыныс комиссияның жақын арадағы отырысында енгізіледі.
Айта кету керек, бұған дейін Цой індетке шалдыққандардың тәуліктік өсімі екі есеге төмендегенін айтқан болатын.