Цой баспасөз хатшысын іздеп жатыр

21 Шілде 2020, 15:41
2115
Бөлісу:
Цой баспасөз хатшысын іздеп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрлігіне баспасөз хатшысы керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн-брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

Көптен бері баспасөз қызметінің жетекшісінің орны бос тұр. Халық пен министрлік арасында ақпараттық байланысты жақсартамын деген үміткерлер болса, қарастыруға әзірміз. Осы министрліктің өзінде 3-4 айдың ішінде 2-3 рет қызметкерлер коронавируспен ауырып, індет ошағына айналған. Әсіресе, баспасөз қызметінде істейтін мамандарымыз ауырып, жұмыста бола алмай қалды. Бірақ министр мен министрлік қызметкерлері аптасына бірнеше рет халықтың алдына шығып, брифинг өткізіп жатырмыз, - дейді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігінің экс-баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріп осының алдында басшылық арыз жаз деп айтты деген болатын.
Жаздық. Ер адамның басынан не келіп, не өтпейді. Хош. Ең алдымен, барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар! Артық кеткен кездерім болса - кешірім сұраймын! Барлық еңбегім - тек халқым үшін. Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық. Денсаулық сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, - деп жазды Диас Ахметшәріп фейсбук парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы