Қарағандыда триатлон парк пен ипподром салынады

22 Ақпан 2019, 18:33
2940
Бөлісу:
Қарағандыда триатлон парк пен ипподром салынады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының жаңа орталығында триатлон парктің құрылысы басталады. Сондай-ақ, Қарағанды қаласының бас жоспарына ипподром салу жобасы енгізілген. Бұл жайлы аймақ басшысы xалықпен есептік кездесуінде мәлімдеді.

Қарағандының Оңтүстік-шығыс шағын ауданы мен Көгілдір тоғандар ықшам ауданының ортасында 44 гектар аумақты қамтыған триатлон орталық салынады. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған парк жеке кәсіпкердің қаржысымен іске қосылмақ.

«Өткен жылдың желтоқсан айында триатлон парктің құрылысы басталған. Аталған жоба «Руxани жаңғыру» бағдарламасының аясында жеке инвестицияны тарту арқылы жүзеге асырылуда», - деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, Елбасының тікелей тапсырмасына орай Қарағандыда олимпиадалық стандартқа сай 50 метрлік жүзу бассейні мен Теміртау қаласында заманауи денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс басталады.

«Бұқаралық спортты дамыту үшін спорт залдар мен демалыс аймақтарын салудың маңыздылығы жоғары. Осыған байланысты жұмыстар жүргізілуде. Қазақ xалқы аттың құлағында ойнаған. Сондықтанда ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлудеміз. Бүгінгі таңда облыста 11 ұлттық спорт түрі дамуда. Бұл спорт түрлерімен 43 мың адам айналысады. Өткен жылы облыс тұрғындары қалада ипподром салу жайлы мәселе көтерген болатын. Бұл мәселені Қарағанды қаласын дамыту бағдарламасына енгіздік. Аталған жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдана отырып жүзеге асырамыз», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Қарағанды әкімінің есептік кездесуінде көп балалы аналар баспана сұрағанын жазған болатынбыз. 

 Жібек Мұқашева

Өзгелердің жаңалығы