Трамп ДДСҰ-ға шарт қойды

20 Мамыр 2020, 08:53
1799
Бөлісу:
Трамп ДДСҰ-ға шарт қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хат жіберіп, ДДСҰ басшылығына шарт қойды. Бұл туралы CNN хабарлайды.


Егер бұл орындалмаса, Вашингтон ДДҰ-ны қаржыландырудан бас тартып, ұйымнан кететіндігін ашық айтты. 

Мен салық төлеушілерге дәл қазір Американың мүдделеріне сай келмейтін ұйымды қаржыландыруды жалғастырта алмаймын, - деді Трамп.
Ақ үй басшысы халықаралық ұйымнан Бейжіңмен мәмілеге бармағанын дәлелдеуді талап етті. Әрі Вашингтонның реформаға қатысты талаптарын орындауы тиіс. Дональд Трамп халықаралық ұйым коронавирустың өршігенін 2019 жылдың желтоқсанында біле тұра, ешқандай шара қабылдамаған деп айыптайды.




Өзгелердің жаңалығы