Коронавирус: Жұқтырғандардың үлесі 2%-ға дейін азайса, той жасауға болады

11 Мамыр 2020, 16:46
1854
Бөлісу:
Коронавирус: Жұқтырғандардың үлесі 2%-ға дейін азайса, той жасауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. КВИ жұқтырғандар үлесін 2 пайызға дейін азайтқанда, ойын-сауық орталықтарын ашуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түліктен бөлек дүкендердің, сұлулық салондарының және балаларды дамыту орталықтарының ашылатынын мәлімдеді. Тұрғындардың саябақтар мен скверлерде серуендеуіне рұқсат беріледі. Парк жанындағы көңіл көтеру жұмыстарына шектеу қойылады. Ал ойын-сауық орталықтарының жұмысын жандандыру бойынша көп сұрақ келіп түсіп жатыр. Бұл кезеңде ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалар мен қонақ үйлердің жұмысы іске қосылмайтынын мәлімдеймін. Осы мәселе сәл кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қарастырылады, - дейді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, елдегі індет жұқтырғандар үлесін 2 пайызға дейін азайтқан кезде ойын-сауық орталықтарын ашуға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, вице-министр дәл теміржол көлігіндегі қозғалыс мүлдем қарастырылмайтынын айтты. 

Төтенше жағдай режимінің тоқтағанына қарамастан блокпосттар әлі де сақталады. Бірақ, қала маңында тұратын, қалада жұмыс істейтін қызметкерлер әкімдіктер бекіткен тізім бойынша еркін кіріп-шыға алады, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы