Төтенше жағдайлар министрі суға батқан қызды құтқарған жігітті марапаттады

28 Мамыр 2021, 09:54
4247
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрі суға батқан қызды құтқарған жігітті марапаттады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин суға батып бара жатқан 2001 жылғы қызды құтқарғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Асылбек Нұржановты марапаттады. Оған «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі табысталды.

Адам өмірін құтқарудағы ерлігіңіз бен жанқиярлығыңыз үшін сізге алғыс білдіремін, - деді Юрий Ильин.
Төтенше жағдайлар министрі суға батқан қызды құтқарған жігітті марапаттады

 
Оқиға 2021 жылдың 26 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының Ақбұлақ өзенінде болған.

Күндізгі уақытта көпірлердің бірінен қыз бала кенеттен секіріп кетеді. Оның суға секіргенін көріп сол маңдағы адамдар көмек сұрап айқайлаған. Сол сәтте елдордалық жоғары оқу орындарының бірінде қауіпсіздік қызметкері болып жұмыс істейтін Асылбек Нұржанов суға секіріп, қызды құтқарған.

Ол кезде қыз ес-түссіз жатқан болатын. Оқиғаның өзге куәгерлері маған жағаға шығуға көмектесті. Олар қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті,- дейді батыр жігіт.
Төтенше жағдайлар министрі суға батқан қызды құтқарған жігітті марапаттады

Төтенше жағдайлар министрі Асылбек Нұржановқа алғыс айтып, отбасына денсаулық пен бақыт тіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы