ТЖД қала сыртына көлікпен шыққанда абай болуды ескертті
05 Қараша 2021, 12:06 80

ТЖД қала сыртына көлікпен шыққанда абай болуды ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында елордалық ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров хабарлады. 

Сондай-ақ ол жылдың әр мезгілінің өз қауіптілігі барын алға тартты.

Әдетте қысқы кезеңде көктайғақ пен үсікке байланысты жарақаттар көп кездеседі. Адамдардың қарлы боран мен бұрқасынға, адамдар мен техникалардың мұз астына түсіп кету жағдайлары да көбейіп жатыр. Мұндай жағдайларға тап болмас үшін әрдайым бірнеше күн бұрын ауа райын ескере отырып, автокөлікпен қала сыртына шығуды алдын ала жоспарлау керек. Өздерімен бірге байланыс құралдарын, жылы киімдер мен дәрі-дәрмектер алған дұрыс, – деп атап өтті департамент басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол балық аулауға құмар жандарға нені ескеру керектігін айтты.

Мұз астын балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет Бұл үшін адамдарға мұздың қалыңдығы кемінде 12 см болу керек. Автокөліктер үшін кемінде 35-40 см құраған кезде мұзға шығуға рұқсат беріледі. Осы кезеңде мұздың жіңішке және қатпаған учаскелеріне шығуға тыйым салынады. Әсіресе, балаларға аса мұқият болу керек. Өйткені бұл кезең айтарлықтай қауіп төндіреді, – деді Есен Байыров.

Департамент қызметкерлері тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, 50-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізген.

Судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша аралау өткізіліп, 600-ден астам үгіт материалы таратылды. 56 ақпараттық және ескерту белгілері орнатылды. Оқу орындарында оқушылармен 120 сабақ өткізілді. Осы және басқа да іс-шаралардың барлығы ең алдымен әрбір бала мен ересектердің қыста орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындауды мақсат тұтып отыр. Күнделікті өмірде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет, – деп отыр ТЖД өкілі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...