Бас жаңалықтар
Тоқаевтың Қоғамдық штабы өз жұмысын бастады
04 Мамыр 2019, 11:15 1080

Тоқаевтың Қоғамдық штабы өз жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының жұмысы жайында арнайы брифинг өтті.

Оған кандидаттың сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев және басқа да бірқатар сенімді өкілдер қатысты.

Кеше, яғни 3 мамыр күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде ресми түрде тіркеп, кандидат куәлігін оның сенімді өкілі, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа тапсырды. 

Осы шешімнен кейін кандидаттың республикалық қоғамдық штабы құрылып, ол заңға сәйкес 11 мамыр күні сағат 18:00-ден бастап жұмыс істейтіні белгілі болды.

Бүгінгі брифингте Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына Nur Otan партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы құрылғанын, оны басқаруды кандидат өзіне тапсырғанын және аталған штабпен бірге аймақтық және аумақтық штабтардың да жасақталғанын айтты. Сонымен бірге, партия тәжірибесінде алғаш рет Президент сайлауы кезінде қоғамдық штабтың TeamQazaqstan жастар қанаты да құрылғанын айтты.

Сондай-ақ, жиында бүгінде еліміз бойынша 227 қоғамдық штаб құрылғаны айтылды. 

"Оның 17-сі – облыстық, 37-сі – қалалық және 173-і аудандық деңгейде жұмыс істейді. Аймақтық және аумақтық штабтардың құрамына 5766 адам енсе, оның 1267-сі жастар қанатының өкілдері. Қоғамдық штабтардың жұмысын жүйелі жүргізуді қамтамасыз ету үшін Республикалық, аймақтық және аумақтық штабтардың аппараттары жасақталып, оған 2897 адам мүше болды. Айта кетейін, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде 19502 адам тіркелді. Одан бөлек, кандидатты қолдау мақсатында еліміз бойынша 315512 қол жиналды", - деді Мәулен Әшімбаев.


Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы, Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевпен бірге кандидаттың сенімді өкілдері, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері: белгілі қоғам қайраткері, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ Басқарма төрағасы Абай Байгенжин, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Абылай Мырзахметов, қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының жүргізушісі, блогер Әйгерім Есенәлі сөз сөйлеп, алдағы саяси науқанға тас-түйін дайын екендерін жеткізді.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...