Тоқаев: Корпоративтік басқару бюрократиялық үрдіске айналып барады

1 Қыркүйек 2020, 11:41
1643
Бөлісу:
Тоқаев: Корпоративтік басқару бюрократиялық үрдіске айналып барады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корпоративтік басқару бюрократиялық үрдіске айналып барады. Квазимемлекеттік саладағы реформаларды жалғастыру керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы кезінде айтты. 

Тоқаев мемлекеттік қызмет жөніндегі заңға өзгеріс еңгізуді тапсырды. 

Карантин кезінде кейбір құқықтық норманың кесірінен жұмысты атқару тежелді. Негізгі мәселе атқарушы билікке қатысты заң регламентінде жатыр. Біз министрлер мен әкімдерге талап қоямыз. Алайда, олардың құзіреттілігі кейбір заң нормасымен және қаулылармен шектелген. Бұл мемлекеттік аппараттың жұмысын тежеп қана қоймай Парламентке де жүк салады. Жергілікті атқарушы органдар атқаратын істі палаталар кейбір нормаға байланысты қарауға мәжбүр. Жылдам өзгеріп жатқан әлемде шешімді баяу қабылдау ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Сондықтан құқықтық саясат аясында, заңнаманы өзгерту жолымен құқықтық регламентацияда балансты қамту қажет, оны баяу жүргізуге болмайды, - деді Президент. 

Сонымен қатар, ол корпоративтік басқаруды квазимемлекеттік компаниялармен жақсарту мәселесін көтерді. 

Елімізде ондаған Ұлттық компания мен 10 мыңдаған мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде квазимемлекеттік корпорациялар акционерлік қоғам болып табылады. Олардың мақсаты – пайда түсіруді қамтамасыз ету. Егер оларға мемлекеттік қызметтің бір бөлігі берілген болса, олардың қызметі халыққа, экономикаға сервистік көмек көрсету сипатында болу қажет. Көптеген акционерлік қоғамда бірігу болды. Корпоративтік басқару бюрократиялық үрдіске айналып барады. Квазимемлекеттік саладағы реформаларды жалғастыру керек. Кейбір жағдай бойынша нәтижелер бүгін жарияланады, қалғанын Үкімет ұсыныс ретінде тағайындайды, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы