Тоқаев Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікті кімдер ұйымдастырғанын айтты

6 Қаңтар 2022, 11:48
1074
Бөлісу:
Тоқаев Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікті кімдер ұйымдастырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-дан көмек сұрағанын айтты. Бұл туралы ол Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында мәлімдеді. 

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қалыптасқан жағдайдың қиындығын атап өтіп, бірқатар жедел шара қабылдау қажет екенін айтты. Сонымен қатар Қазақстанға нағыз лаңкестерді айдап салған күштерді атады.

Осыған байланысты біз лаңкестерге тойтарыс беру үшін оларға қарсы операция жүргізуіміз қажет. Мен террористерге қарсы штабты басқарамын. Бұзақылар жасаған террористік актінің ұйымдастырушылары – нағыз террористер. Олардың қазіргі уақытта Алматы мен басқа да қалалардағы істеп жатқан жүгенсіздігі бізге белгілі. Инфрақұрылымдарды, ең бастысы, қару-жарақ сақталған қоймаларды басып алуда. Училище курсанттарымен ұрыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Алматының түбінде Қорғаныс министрлігінің әуе-десант бөлімшелері ұрыс жүргізуде, – деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы