Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

10 Шілде 2021, 10:53
4298
Бөлісу:
Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, 10 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өз жұмысын бастады. Отырыс бейнебайланыс режимінде өтіп жатыр. 

Жиында еліміздің 2021 жылғы жарты жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы талқыланады деп күтілуде. Сонымен қатар Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілейтін болады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жыл басында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамымен алғаш рет кеңейтілген отырыс өткізілген болатын. Ол жиында республикамыздың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасалынып, ағымдағы жылға жоспарлар құрылды.

Биыл қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай қолға алынған бағдарламаларды жүзеге асыруымыз керек. Мерейтой кезінде артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді. Біз осы шаралар арқылы бірлік пен келісімді нығайтып, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм рухын дамытуға тиіспіз. Оларды егемендігіміздің және мемлекеттілігіміздің құндылықтарын бағалай білуге үйретуіміз қажет, - деп атап өткен болатын алдыңғы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы. 

Аталған маңызды мемлекеттік іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Қазмедиа орталығынан» таратуда.

Өзгелердің жаңалығы