Негізгі мәселелерге тоқталыңыздар – Тоқаев өңір әкімдеріне

26 Қаңтар 2021, 11:09
1927
Бөлісу:
Негізгі мәселелерге тоқталыңыздар – Тоқаев өңір әкімдеріне

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды.

Бәсекелестікті қорғау және стратегиялық жоспарлау агенттіктерінің төрағалары, сондай-ақ өңірлердегі ахуал туралы әкімдер баяндама жасайды. Олардың ішінде Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтан әкімдері. Қажет болса, басқаларға да сөз беріледі. Қысқа, әрі нұсқа негізгі мәселелерге ғана тоқталыңыздар, - деді Президент онлайн отырыста.

Президент алғашқы сөзді Премьер-министр Асқар Маминге берді.

Айта кетейік, Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы