Тоғызқұмалақ ойынының оқу құралы литва тілiнде жарық көрді

25 Қараша 2019, 13:53
4270
Бөлісу:
Тоғызқұмалақ ойынының оқу құралы литва тілiнде жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Литвадағы елшілігі Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесіп "ŽARA" баспасы басылған тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық ойыны туралы алғашқы литва тілінде әдістемелік құралды ұсынды. 

Оқу құралы мен ойынның тұсаукесері Вильнюстегі "Мектеп 2019" IX білім беру және инновациялық көрмесінің аясында өтті.

Қазақстанның Литвадағы елшісі Виктор Темірбаев атап өткендей, бұл зияткерлік ойын Балтық жағалауында танымал бола бастады. Бұл ойынды 2018 жылы елшілік Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясымен бірге Латвияда ұсынды, ал 2019 жылы Латвия ойыншылары Ыстамбұлда өткен Тоғызқұмалақ әлем чемпионатына қатысты.

Қазақтың ұлттық ойынымен танысу Литвада 2019 жылы өтті және көктемде Литва мектептерінің оқушылары арасында алғашқы тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Қазақстандық дипломат, электронды нұсқасы Елшіліктің сайтында қол жетімді болатын әдістемелік құралы көмегімен бүкіл Литва бойынша  «көшпелі алгебраны» үйренгісі келетіндердің саны көбейе түсетініне сенім білдірді.

Литва тіліндегі нұсқаулық алдағы 2020 жылы қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалу мақсатында жарияланды. Абайдың осы стратегиялық ойынның ұлы шебері саналғаны белгілі. Келесі жылдың қаңтарында елшілік ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Вильнюста тоғызқұмалақтан кезекті жарысты өткізуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы