Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

27 Маусым 2020, 10:29
1540
Бөлісу:
Тоқаев журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор. Қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге табыс және бақ-береке тілеймін, - деп жазды ол Тwitter-дегі парақшасында.


Өзгелердің жаңалығы