Тоқаев ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды

30 Наурыз 2020, 10:44
1574
Бөлісу:
Тоқаев ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы "2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Өзгелердің жаңалығы