Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тағы парақшасында жазған.
Оны Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайынан Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков қарсы алды.Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен бірлесіп "Ата-бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.