Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туыстарына көңіл айтты

26 Наурыз 2020, 22:03
1926
Бөлісу:
Тоқаев коронавирустан қайтыс болған кісінің туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирустан қайтыс болған кісінің туған-туыстарына көңіл айтты. 


Тоқаев бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды
64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны Бәріміз Бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз, –  деп жазды мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы