Бас жаңалықтар
Тоқаев Үкіметтің отырысын ашты
24 Қаңтар 2020, 10:33 343

Тоқаев Үкіметтің отырысын ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты.

Мемлекет басшысы өткен жылы елімізде экономиканың негізгі салаларында өсім байқалғанын атап өтті.
Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесін талқылаймыз. Экономикалық өсім 4,5% болды. Экономиканың негізгі салаларында өсім қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал етеді. Сайлау алдындағы тұғырнамада айтылған негізгі міндеттерді орындауымыз керек. Бұл еліміздің орнықты дамуына, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға зор серпін береді. Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану, - деген Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Үкімет отырысында есеп беретін Үкімет мүшелерін тізбектеді.
Мемлекет басшысы алдымен отырыстың жұмыс тәртібін келісіп алуды ұсынды.
Бүгінгі отырыстың жұмыс тәртібін келісіп алайық. Еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары және осы жылға қойылған жоспарлар жөнінде ҚР премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин баяндайды. Ақша, кредит саясатына қатысты шаралар жөнінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев ақпарат береді. Әлеуметтік даму және еңбекпен қамту мәселелері жөнінде премьер-министр орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев баяндайды. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының әкімдері баяндайды. Қысқы әрі  нұсқа негізгі мәселелерге тоқтаңыздар, - деп ел президенті есеп беруге премьер-министр Асқар Маминге сөз берді.
Бұған дейін бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлаған болатынбыз.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...