Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгідей төтенше жағдай кезінде Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберген елдерге алғысын білдірді.
Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналған дәрі ұсынғаны үшін Пәкістан Үкіметіне және Премьер-министр Имран Ханға @ImranKhanPTI шынайы алғысымды білдіремін, – деп жазды Twitter-дегі парақшасында.