Мен Қазақстанның толыққанды президентімін – Тоқаев «билік транзиті» жайлы

10 Маусым 2019, 18:39
3174
Бөлісу:
Мен Қазақстанның толыққанды президентімін – Тоқаев «билік транзиті» жайлы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Ақордадағы брифинг кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «сайлаудың қорытындысын толық «билік транзиті» деуге болады ма?» деген шетелдік журналистің сұрағаны жауап берді.

Мемлекет басшысы «транзит» деген сөзге қарсы екенін айтты. 

«Мен ресейлік БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенде «қазақша транзит» дегенді кішкене түсіндіріп кеткен болатынмын. Транзит деген не? Демек мен транзиттік жолаушымын ба, әлде жолшыбай адаммын ба? Жоқ, мен өзімді Қазақстан Республикасының толыққанды президентімін деп есептеймін. Мен жолаушы емеспін. Пойызды, ұшақты ауыстырайын деп отырған жоқпын, қозғалып бара жатқан ешқандай құралға ауысып отырайын деп отырған жоқпын. Сондықтан бұл сөзді доғарайық. Сайлау өтті, президент сайланды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау қорытындысы бойынша айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сайлаудан кейін алғаш рет журналистер алдына шығып сұрақтарға жауап берген Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінің қашан өтетінін және үкіметтің отставкаға кетпейтіні, тек кадрлық тағайындау болатыны туралы айтты.


Өзгелердің жаңалығы