Тимур Нұрсейітов әскери қызметшілер арасында Еуропа чемпионын жеңді

26 Қыркүйек 2021, 00:35
1226
Бөлісу:
Тимур Нұрсейітов әскери қызметшілер арасында Еуропа чемпионын жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Тимур Нұрсейітов Мәскеудегі әскери қызметшілер арасындағы бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Тимур Нұрсейітовке жастар арасындағы әлем чемпионы ресейлік Алексей Семыкин қарсы шықты. Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен Нұрсейітовтің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Тимур Нұрсейітов Қазақстан құрамасына осы турнирде алтын медаль әкелді. Бұған дейін Теміртас Жүсіпов (49 кг) чемпион болған.

Айта кетсек, «алтынды» Дамир Әбдіқадыр (52 кг) жеңіп алды, бірақ жекпе-жектен кейін комиссия шешімі қайта қаралып, алтын ресейлік боксшының қоржынына кетті. 


Өзгелердің жаңалығы