Экология министрі қазақстандықтарды тазалық акциясына қатысуға шақырды

16 Шілде 2019, 11:34
5332
Бөлісу:
Экология министрі қазақстандықтарды тазалық акциясына қатысуға шақырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

"Қаламыздың жақын маңдағы су қоймаларының біраз жерін аралап шықтым. Аумақтардың жағдайы мәз емес, айнала қоқыс, адамдардан қалған қалдыққа толы. Аяқ алып жүргісіз қоқыс үйінділері үйреншікті құбылысқа айналған. Проблеманы тек әкімшілік әдіспен шешу мүмкін емес, қоғамның бірлігі қажет", - деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.

аа.jpg

Министр аталған проблеманы шешу мақсатында экологиялық жаңа акцияны бастады.

"Осыған орай, #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы жөнінде хабарлағым келедi. 20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазалаудан бастаймыз. Қоршаған ортаның тазалығын қалайтын барлық азаматтарды, қоғам қайраткерлерін, үкімет мүшелері мен экология белсенділерін бірге қатысуға шақырамын!", - деп хабарлады Мағзұм Мырзағалиев.

а1.jpg

Оның сөзінше, жиын 20 шілдеде 8:00 бен 8:30 аралығында елордадағы Триатлон паркі тұрағынының жанында (кiру Момышұлы мен Қошқарбаев қиылысынан) болады. 

"Сол жерден барлығымыз автобуспен акция орнына жететiн боламыз. Тамақ пен қажетті құралдар ұйымдастырылады. Жақсы көңіл-күймен келiп, игі iске атсалыңыздар #Birge", - деп сөзін түйіндеді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Өзгелердің жаңалығы