#Тәуелсіздік30. Люксембургте пошта маркалары шығарылды

18 Қазан 2021, 20:31
2215
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Люксембургте пошта маркалары шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі, еліміздің Люксембургтегі Құрметті Консулдығы және «Eurasian Resources Group»  компаниясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Люксембургте мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастамашылық жасады.

Люксембург почта маркасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Пошта маркаларды күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый өнімдері ретінде пайдалануға болады.

Люксембург - әлемдегі ең ірі пошта және телекоммуникациялық қызметтерді жеткізуші елдердің бірі. Люксембург өзінің пошта маркаларын алғаш рет 1852 жылы 15 қыркүйекте шығарды, ал алғашқы ұлттық пошта маркаларының көрмесі 1946 жылы 28-29 шілдеде Дюделанж қаласында ұйымдастырылды.

Аталған марка «Post Luxembourg» ұлттық пошта компаниясының қолдауымен шығарылды. 170 жылдан астам уақыт ішінде «Post Luxembourg» ел тұрғындарының пошта қажеттіліктерін жоғары сапалы қызметтермен қанағаттандыра отырып, олардың өмірінде басты рөл атқарады. Алғашқы мерейтойлық даналар Люксембург Ұлы Герцогтігінің мемлекеттік құрылымдарының, ұйымдарының, компанияларының, сондай-ақ Люксембургтегі «Қазақстан-Люксембург» қазақтар қауымдастығының өкілдеріне берілді.

Өзгелердің жаңалығы