«Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы тарихтан сыр шертеді
22 Қазан 2021, 14:00 1179

«Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы тарихтан сыр шертеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАқпарат» АҚ шығарған «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының естеліктерінен сыр шертеді.

Тәуелсіз мемлекет құру мен қалыптастырудың ауыртпалығын, қиынлығының ауқымын сол кезеңді көзімен көріп, тікелей қатысқандар ғана нақты айта алады. Бүгінде көпшілігіміз үшін сын айтуға жеңіл көрінетін еліміздің бүгінгі жеткен жетістігі – сөз жоқ, ең алдымен Тұңғыш Президент – Елбасымыз негізін қалаған мемлекеттік дамудағы сындарлы саясаттың арқасы екені даусыз. Елбасы негізін қалаған ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен татулық, әлеуметтік-экономикалық реформалар, сыртқы саясаттағы көп векторлы ұстаным сынды басым бағыттар біздің басты құндылықтарымыз болып қала беретіні анық, - деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кітаптың электронды нұсқасын 100angime.kz cайтынан табуға болады.

Біз алға қарай да үлкен сеніммен осы қалыпта жүруіміз үшін – тарихымызды бағалап, өткенімізді ұмытпауымыз қажет. Осы ретте, «ҚазАқпарат» АҚ шығарған «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының естеліктерінен сыр шертеді. Кітапта Тұңғыш Президент, Елбасының сол кезеңдерде сенімінен шығып, қасынан табылған әріптестері ел дамуындағы маңызды сәттерді еске алып, өздерінің жеке естеліктерімен бөліседі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітап қалың оқырман қауым үшін қызықты болады деп сенемін. Кітаптың электронды нұсқасын 100angime.kz cайтынан табуға болады, - деді ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...