Мамандар "тәтті ұйқының" сырын ашты

23 Желтоқсан 2019, 22:31
6504
Бөлісу:
Мамандар "тәтті ұйқының" сырын ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұйқысы тыныш болмаған адамның психикалық және эмоционалдық денсаулығы нашарлайды.

Бірақ дәрігерлердің айтуынша, биологиялық сағаттарды "қайта қалпына келтірудің" табиғи жолдары бар. Бұл туралы "Невские новости" жазды.

Мамандардың айтуынша, тез ұйықтап, ұйқы қандыру үшін үйдегі жарықты реттеу керек. Қараңғы болғанда, адам ағзасында ұйқы шақыратын мелатонин бөлінеді.

Жарық болса – кортизол, сергек жүрудің гормоны артады. Сондықтан, дәрігерлер қараңғыда ұйықтап, таңертең тұра сала күн сәулесі түсу үшін перделерді ашу керек.

Кортизол стресс болған кезде де бөлінеді. Сол себепті ұйқыға кері әсер етеді. Мамандар тыныш әрі тез ұйықтау үшін ұйықтар алдында метидация жасап, йогомен айналысуға және музыка тыңдауға кеңес береді, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, ұйқы қанып тұру үшін жатар алдында таза ауада серуендеу керек. Ал, тамақтану кері әсер етеді. Бұдан басқа, төсекте гаджетпен жатпау керек. Экраннан шығатын көк түс ағзаны алдап, сергектікке тартады.

Өзгелердің жаңалығы