Бас жаңалықтар
Тарифтер қымбаттап жатыр. Депутат халықтың мұңын жеткізді
30 Қаңтар 2019, 13:15 1134

Тарифтер қымбаттап жатыр. Депутат халықтың мұңын жеткізді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Артур Платонов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың коммуналдық тарифтерді төмендету жөніндегі тапсырмасы орындалмай жатқанын мәлімдеді.

«Нұр Отан» фракциясының депутаты сауалын ҚР премьер-министірінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жолдады «Cіздің атыңызға сауал жолдауға еліміздің әртүрлі облысындағы көптеген тұрғын мен кәсіпкердің үндеуі себеп болды. Олар президенттің коммуналдық тарифтерді төмендету жөніндегі тапсырмасының орындалмай жатқанын айтты», - деді ол.

Сонымен қатар Артур Платонов жергілікті халық аталған мәселеге жауаптылар енді төмендетілген коммуналдық тарифтер ақпа айының квитанциясында көрсетіледі деп уәде беріп жатқандарына қайран қалып отырғанын ашық айтты.

Осы орайда ол Елбасының тапсырмасы коммуналдық тарифтерді төмендету жөніндегі бірнеше өңірде бірден орындалғанын атап өтті. Алайда соған қарамастан халықтан көп шағым түсіп жатыр екен.

«ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттардың сайтына тарифтердің өсіп жатқаны жөнінде жиі шағым түсуде», - деді депутат.

Кейін Артур Платонов нақты мысалдарға тоқталды.

«Ақтөбе облысындағы тұрғындарға жылудың 2 еселеген шоты келген. Азаматтың хатынан үзінді оқып берейін. «Қараша айында біз екі бөлмелі үйдегі жылуға 4 мың теңге төлейтінбіз. Ал желтоқсан айында бізге 7 мың теңгенің шоты келді. Коммуналдық тарифтердің 10%-ке төмендейтіні қайда?», - делінген хатта. Аталған өңірдегі Авиақалашықтағы №10 үйдің тұрғындарынан: «Үйде жылуды есептейтін құрал тұр. Бірақ ол үйде жоқ сиқты. Жылуға қомақты қаржы төлейміз. Тарифтің бағасы – 155,70 теңге. Бұл қайдан алынған баға? Қарашада жылудың бағасы – 70,09 теңге болды, ал желтоқсанда – 112,22 теңге. Неге?» делінген хаттар келді», - дейді ол.

Сонымен қатар депутат Алматы облысы, Қапшағай тұрғынының хатын оқып берді.

«Электр энергиясының 1 киловаты – 16 теңге 65 тиын. Ал 2019 жылдың 1-қаңтарынан ол 16 теңге 53 тиын болды. Сонда электр энергиясы тіпті 1 теңгеге емес, бар болғаны 12 тиынға тиынға арзандаған ғой? Ал Ақмола облысының тұрғындары мен орынды жалға алатын кәсіпкерлерден де хат келді. Олар барлық коммуналдық төлемнің неге қымбаттап жатқанына қатысты жергілікті кәсіпорынға хат жолдапты. Олар «Мен тарифтерді көтеру жөнінде өтініш бердім. Монополияға қарсы комитет бекітті» деген жауап алған», - дейді Платонов.

Кейін ол коммуналдық тарифтердің бағасы қашан нақты төмендейтінін айта келе, Үкімет басшысының бірінші орынбасарына аталған мәселені ерекше бақылауды ұстау қажеттігін атап өтті.

«Асқар Ұзақбайұлы, жоғарыда айтылған талаптарды ескере келе, өкілетті органға (Ұлттық экономика министрлігі), анығында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне тариф құру мәселесін реттеуді, Елбасының тапсырмасын ерекше бақылау ұстауға міндеттеуді сұраймын», - деп түйіндеді сөзін Артур Платонов.

Айта кетейік, осыған дейін Серік Сәпиев депутаттықтан кетіп, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне  тағайындалғанын,  көліктерді негізсіз тоқтатуға жол бермеуді көздейтін заң жобасы мақұлданғанын, мәжіліс депутаттарының өңірлерді аралайтынын жазғанбыз.


Дәурен Ерболат 
Загрузка...

Сізден жаңалық