Таразда «SmartСот» жобасы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр

17 Қаңтар 2019, 15:39
2009
Бөлісу:
Таразда «SmartСот» жобасы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр

Астана, BAQ.KZ. Тараз қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты істерді электрондық форматта қарау практикасына жоспарлы түрде көшуде.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше смартфонда жүктелген «TrueConf» ұялы қосымшасы арқылы скайп-камералармен онлайн түрде қосылудың мүмкіндіктері кеңеюде.

2018 жылы облыстың соттарына 7 242 әкімшілік іс жіберіліп, оның ішінде 383 азаматтық және 348 әкімшілік іс бойынша «TrueConf» қосымшасының мүмкіндіктері пайдаланылған.

Сонымен қатар істерді электрондық форматта қарау бюджеттік қаражаттарды едәуір үнемдеп, ведомстволық мұрағаттардың жүктемесін айтарлықтай азайтатынын көрсетіп отыр. 

Осылайша, «SmartСот» жаңа ақпараттық технологияны қолдану жолымен сот талқылауын қашықтықтан жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы