Тараз тұрғынынан 10 келіден астам есірткі тәркіленді

31 Наурыз 2020, 13:10
1819
Бөлісу:
Тараз тұрғынынан 10 келіден астам есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу іс-шараларының барысында есірткі заттарын сақтағаны және сатқаны үшін 42 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, күдіктіден тәркіленген зат – жалпы салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды,- делінген ақпаратта.

Күдікті кінәсін толық мойындап, Тараз қаласы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Өзгелердің жаңалығы