Бас жаңалықтар
Тапаншамен селфи жасаймын деп баланы атып алды
27 Ақпан 2020, 22:45 2337

Тапаншамен селфи жасаймын деп баланы атып алды

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ-тың Хьюстон қаласында бала күтуші әйел тапаншамен селфи жасаймын деп он жасар баланы атып алды. 

Бұл туралы New York Post басылымы жазды.

25 ақпан күні кешкісін 19 жастағы Кейтлин Смит он жастағы жиен інісінің жанында күтуші ретінде қалуға келіскен. Туысының үйінен ол тапанша тауып алып, онымен фотоға түсіп, селфи жасаған.

Осы уақытта ол оқтаулы тұрған тапаншаны аяқ астынан атып алған. Атылған оқ баланың іш құрылысына тиген. Бала ауыр халде емханаға жеткізілген. 26 ақпан күні оған ота жасалды, дәрігерлер баланың сауығып кететінін айтуда, - делінген хабарламада.

Бала күтуші Смит кәмелеттік жасқа толмаған баланың денесіне ауыр жарақат салды деген айыппен қамауға алынған. Алдағы уақытта осы іс бойынша сот өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...