Таныс арқылы да ПТР тапсыра алмадым – Саясат Нұрбек

5 Шілде 2020, 14:31
1813
Бөлісу:
Таныс арқылы да ПТР тапсыра алмадым – Саясат Нұрбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен бейсенбіден бастап ауруханада жатырмын. Осынша көп уақыт бала кезімде жатқан шығармын. Алдымен зайыбым ауырып қалды, менде симптомдар сәл кейінірек байқалды. Тонзиллиттен емделіп, 9 күн жоғалттым, деп жазды әлеуметтік парақшасында саясаттанушы Саясат Нұрбек. 

Тамақты шайып, флемаксинді ішіп үлгердім. Өкпеге КТ-ны бір апта өткен соң, байланыс арқылы жасадым. Ал ПТР сынаманы тіпті таныс арқылы да жасата алмадым.Мазокты осы ауруханада алды. КТ нәтижесінде осы күндері көп адамда нақтыланған – пневмония, өкпенің 30% зақымданған. Жедел жәрдем қызметін де таныс арқылы әзер шақырттық. Олар зайыбымды үйде қалдырып, мені бірден ауруханаға алып кетті, - дейді Нұрбек. 

Саясаттанушы шағымдануды ұнатпайтынын айтты. 

Өліп қала жаздадым. 5 күн бойы түнде тұншықтым. Қасымдағы тағы бірнеше науқас менен де бетер ауыр жағдаймен жатты. Бүгін таңертең палаталас көршімді жансақтау бөліміне алып кетті. Оның барлық ауруы бой көтеріп, қанттың мөлшері 32-ге жеткен. Орнында отырып сұлқ кетті. Дәретханадан бірігіп алып шықтық. Мен палатада жалғыз қалдым. Кеше тыныс алу аппаратын өшірді. Енді өз-өзіме келіп жатырмын, - деді ол. 

Нұрбек оқиғадан біраз түйін шығарғанын айтты. 

Біріншіден, біз - өте науқас ұлтпыз. Екі аптаның ішінде аурудың түр-түрін көрдім. Диабетиктер, дәретханаға бара алмайтын простатит, гипертониктерге үнемі ес жинатып отыру керек. Науқас ұлтпыз. 50 жастағы ерлердің венасына катетер қойылған. Бір апта ұйықтамадым. Барлығы жүгіріп жүр. Қанша күш пен уақыт жұмсалды. Сайраңдап күн кешу, алкоголь қолдану, майлы тамақ тұтынғандар енді жатыр. Бірдеңе айтайын десең, бірден агррессияға көшеді. Оның маңызы да жоқ, - деді ол. 

Саясаттанушы адамдар ештеңеден сабақ алмай, бір күн аясында ғана өмір сүретінін айтты. 

Көрші палатадағы жігіттер ауырған кездерінде "енді жазылып кету үшін барлығын жасаймыз" деп, дұға-тілектерін айтып жатқан. Кішкене сауығып еді, көздері жүгіріп, далаға темекі шешуге шыққылары келеді. 100 грамм туралы қалжыңдары да басталды. Біз өз жағдайымызды өзіміз өзгертпесек, Жаратқан өзгертпейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы