Талдықорғанда қарамағында жезөкшелер ұстаған қонақ үй әкімшілігі анықталды

18 Ақпан 2019, 16:14
3113
Бөлісу:
Талдықорғанда қарамағында жезөкшелер ұстаған қонақ үй әкімшілігі анықталды

Талдықорған, BAQ.KZ. Талдықорғанда тәртіп сақшылары жергілікті қонақ үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысқан және оларға жағдай жасаған топты анықтады.

Аталған қонақ үйде ақшалай пұл үшін қонақтарға «ерекше» қызмет көрсететін 20-38 жас аралығындағы он азаматша ұсталды. Интимдік қызмет ұсынған  азаматшалар жезөкшелікпен айналысты деген күдікпен полицияға жеткізіліп, профилактикалық есепке алынды.

«Қонақ үйдің төрт әкімші қызметкері жезөкшелер ордасын ұстады және жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Күдіктілердің бірі қамаққа алынды, ал басқалары «мекенжайын өзгертпеу туралы» міндеттемемен жіберілді. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Заң талаптарын өрескел бұзған қонақ үйдің қызметі уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта қонақ үйдің иесін де жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.
Өзгелердің жаңалығы