Тұтынушы құқығын қорғау үшін үш сатылы жүйе енгізілді

22 Қыркүйек 2020, 10:05
2938
Бөлісу:
Тұтынушы құқығын қорғау үшін үш сатылы жүйе енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тұтынушы құқығын қорғау саласындағы олқылықтар заңға енгізілген өзгертулер арқылы жойылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында сауда және интергация министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Оның айтуынша, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңды әзірлеу барысында министрлік алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерттеген. 

Тұжырымдамалық негізге Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдері тиімді пайдаланатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау институтының аралас моделі алынды. Шағымдарды қарастырудың үш сатылы жүйесі енгізілді. Бірінші деңгейде сатушы тұтынушының талабын «қазір және осында» қағидаты бойынша жеке өзі қарауға міндетті. Сондай-ақ, өзара келісім бойынша екі жаққа дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне жүгіну мүмкіндігі берілген. Тұтынушыға екінші деңгейді өту міндетті талап емес, шағымды уәкілетті органға жіберу қажеттілігі туралы шешімді оның өзі қабылдайды. Соңғы деңгейде – тұтынушының сотқа жүгінуі көзделген, - деді ол.
Министрдің айтуынша, олардың алдында тұрған негізгі міндет сатушы мен қызмет көрсетушінің дауларды болдырмау, ал олар туындаған кезде бірінші деңгейде шешілуіне жағдай жасау.
Сот жүйесі осы бағыттағы проблемаларға тұтынушылық көзқараспен қарап, дауларды тез арада шешуге мүдделі болуы керек. Сонымен бірге, заң нормалары азаматтардың тұтынушылық құқықтарының бұзылмауына қоғамдық бақылауды күшейтеді, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы