Түркістанда жарылыс болды

10 Қыркүйек 2019, 20:12
2736
Бөлісу:
Түркістанда жарылыс болды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін кешке Түркістанда Саттарханов көшесінің бойындағы «Royal Grand Hotel» қонақүйінің аумағында «ЗИЛ» көлігі өртеніп, артынша оның ішіндегі газ баллондары жарылды.

ҚР ІІМ ТЖК хабарлауынша, автокөлік газ баллондарды тасып бара жатқан. Көліктің ішінде болған баллондардың саны анықталуда.

1568122675_whatsapp-image-2019-09-10-at-19-34-20.jpeg

Жарылыс салдарынан өрт қонақүйдің шатырын шарпыды. Өртке оранған жердің көлемі шамамен 1400 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

2019091019361226136_whatsapp-image-2019-09-10-at-19-33-56.jpg

"Өрт сөндіруге Түркістан облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 70 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мейрамхана территориясын қоршап тастады", - делінген ведомство хабарламасында.


 

Өзгелердің жаңалығы