Түркістанда тұрғын үйлердің қасбеті мәрмәрмен қапталады

2 Маусым 2020, 13:53
2090
Бөлісу:
Түркістанда тұрғын үйлердің қасбеті мәрмәрмен қапталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы қарқыны үдей түскен құрылыс алаңдарын аралап, құрылысшылармен кездесті.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталуда. Олардың сапасын тексеріп шыққан аймақ басшысы мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын жылдамдатуды жүктеді. Облыс әкімі құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды. 
Жұмыс көлемі өте ауқымды, оны жақсы түсінемін. Бірақ қазір кідіретін кез емес. Терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды. Біздің тарапымыздан қандай да бір көмек керек болса, тікелей айтыңыздар, - деді өңір басшысы. 
шука1.jpg

Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9 және 12 қабатты 5600 пәтер немесе 89 тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қортындысымен 7 қабатты 24 тұрғын, яғни, 1452 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарланған. Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға 450 пәтер берілсе, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам кредиттік тұрғын үй тапсырылмақ.


Өзгелердің жаңалығы